Мамбетова Гулшат Бокенбаевна
Топ: Кіші топ (2 жастан бастап)
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Шығармашылық
Тақырыбы: «Сары тауық пен балапандары»
Мақсаты : Балалар тауық және оның балапандары туралы біледі. Үй құстарына қамқорлық жасай алады. (SMART)
Әдіс- тәсілдері: Ойын, әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекіліктер : Слайд, тауықтың, балапанның суреті, үнтаспа.
Күтілетін нәтиже: Қарапайым әдістермен бөліктерді біріктіріп жапстыру, дәстүрден тыс сурет салу.
Шаттық шенбері:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Жоғары-төммен қараймыз,
Топылдатып басамыз.
Тәрбиеші : Жарайсыңдар,балалар, орындарыңа отырыңдар.
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Топтың ішіне көз салыңдаршы, біздің топ бүгін ерекше. Өйткені, бүгін біз сендермен Ұ.о.қ өткелі тұрмыз. Олай болса, қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіздерме апайлар!
Балалар, біз сендермен енді тауық және оның балапандары туралы ертегі көреміз.
Міне, мынау тауық. Оның түсі ақ. Ол үй құсына жатады, жұмыртқасы адамға пайдалы.
Ал, мынау оның балапандары. Олардың түсі сары, олар жұмыртқалардан шығады.
Есік алдында тауық жылап тұрады. Тауықты топқа алып кіреді
Тәрбиеші:
- Тауық сен неге жылап тұрсың?
Тауық: - Мен неге жыламайын, мен балапандарыма жем таба алмай отырмын. Мені үйде, балапандарым күтіп отыр. Балалар сендер маған көмектесесіңдерме?
Балалар: ия
Тауық: Менің қолымда хат бар ішінде не бар екен? Не бардеп ойлайсыңдар? Бірге ашып қарайық. (4К моделі кративтілік ,сыни ойлау, саралау).
Тәрбиеші:Оның ішінде тапсырмалар бар екен, тапсырманы орындасақ балапандарыңызға жемді қайдан алуға болатын жол бар екен.Балалар көмектесемізбе?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Мен сендерге «Тауық және оның балапандары» туралы ертегіні көрсетейін . (мультфильм көрсету, 4К моделі, сыни ойлау,бала үні).
Тәрбиеші : Балалар біз қандай ертегі көрдік?
Балалар: «Сары тауық пен балапандары» туралы ертегі.
Тауық: Енді біз үй құстары қалай дыбыстайды?ойынын ойнаймыз. (құрылымдалған ойын ) слайд көрсету:
1.Тауықтың баласы қалай аталады?
- Балапан қалай пайда болады?
3.Тауық, әтеш, балапан қалай дыбыстайды?
Тәрбиеші :Балалар тауыққа жем шашайық екі түсте (ақ жұмыртқа және сұры жұмыртқа)бейнеленген карточкалар арқылы топқа бөлемін. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізлетін ойын (4К моделі, командалық жұмыс істеу, коммуникативтілікті даму, сыни ойлау,бала үні,қызығушылық)
Ақ жұмыртқа тобы : Берілген тауық суретіне саусақ арқылы жемнің суреттін салу.
https://aqqaiyn.aitekebi.edu.kz/kz/%D0%B1%D1%96%D0%B7-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-aqqaiyn/issshara/11908-%C2%AB%D1%81%D0%B0%D1%80%D1%8B-%D1%82%D0%B0%D1%83%D1%8B%D2%9B-%D0%BF%D0%B5%D0%BD-%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B%C2%BB.html#sigFreeIda4ba09b044
Жұмыс барысында тәрбиеші қабілеті төмен балаларды тікелей бақылап, қолдау көрсетеді.
Сұры жұмыртқа тобы: Берілген тауық суретіне құрттың суретін жапсыру.
Әр топ мүшелері тәрбиешінің көрсетуіне ілесе отырып, жасап шығады. Топта жасаған жұмыстарын тауыққа сыйлайды. 4К моделі командалық жұмыс істеу, сыни ой,саралау, бала үні).
https://aqqaiyn.aitekebi.edu.kz/kz/%D0%B1%D1%96%D0%B7-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-aqqaiyn/issshara/11908-%C2%AB%D1%81%D0%B0%D1%80%D1%8B-%D1%82%D0%B0%D1%83%D1%8B%D2%9B-%D0%BF%D0%B5%D0%BD-%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B%C2%BB.html#sigFreeIdd97bdc3ce5
Сергіту сәт:
Тауық тары жинапты
(Тары теру қимылын жасайды)
Оны ешкімге қимапты.
( Қолдарын айқастыру)
Бөтекесін толтырып,
Қамбасына құймапты.
( Бүйірлерін ұстау)
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр тақылдап
(Басын шайқау)
(Тауық сияқты дыбыс шығару )
( Тауыққа ұқсап жүру)
Тауық: балалар, маған көмектескендерің үшін рахмет!Сендер шыныменде ақылды,тапқыр балалар екенсіндер. Біз барлық тапсырмаларды орындадық енді мен жемді қайдан алу керектігін білемін, балапандарыма оралайын сау болыңдар, балалар!
Кері байланыс: «Бала үні»
- Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?
- Тауық
- Тауықтың баласы қалай аталады?
- Балапан.
Рефлексия:
-Әтеш, тауық, балапан қандай құс түрлеріне жатады? Көрме ұйымдастырады. Балалардың жұмысын мақтайды. Тауық балаларға естелікке сыйлығын ұсынады.Барлығың жақсы қатыстыңдар. Осымен оқу қызметіміз аяқталды.
Тәрбиеші: Мамбетова Гулшат Бокенбаевна
Топ: Кіші топ
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Жапсыру
Тақырыбы: «Үй жануарлары».
Мақсаты :Үй жануарларын таныйды, оларды ажырата біледі. Үй жануарлардың дыбысын дұрыс айта алады, оларға қамқорлық сезімдерін білдіреді.
Әдіс- тәсілдері: Ойын, әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекіліктер :Төрт түлік малдың суреттері, үнтаспа және олардың өнімдері.
Күтілетін нәтиже: Қарапайым әдістермен бөліктерді біріктіріп жапстыру.
Шаттық шенбері.
Сәлем!-дейміз достарға.
Сәлем!-дейміз құстарға.
Сәлем!-дейміз бәріне.
Сәлем!-дейміз апайға.
Тәрбиеші : Жарайсыңдар,балалар, орындарыңа отырыңдар.
Есік қағылады. Ішке сауыншы кіреді (ғажайып сәт).
Сауыншы: Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сауыншы боламын. Балалар мен сауатын сиырымді іздеп жүріп, осы жақтан көңілді дауыстар естіп келдім. Маған көмектесесіздерме.
Тәрбиеші : Саламатсызба, біздің балалар ақылды, алғыр, тапқыр, тәртіпті балалар сізге міндеті түрде көмектеседі.
Сауыншы: Жарайды, балалар мен шелегімнің ішінен осындай қорапша тауып алдым. Қорапшаның ішінде не бар екен ? Не бардеп ойлайсыңдар? Бірге ашып қарайық. (4К моделі кративтілік ,сыни ойлау, саралау).
Тәрбиеші : Қорапшаның ішіненде тапсырма бар екен. Тапсырманы орындасақ сиырларды табатын жолды көрсетеді.
Сауыншы: Балалар менің қолымдағы қорапшада үн таспабар екен
Тәрбиеші : Үн таспаны қосайық
(Үй жануарлардын дауыстары)
Балалар бұл ненін дауыстары?
Дұрыс.Неліктен бұларды үй жануарлары дейміз?
Иә балалар өйткені олар адамның жанында өмір сүреді.Адамдар оларды күтіп, жем-шөптерін дайындап береді.
Сауыншы :балалар мен мына төрт түліктін төлдерін табалмай тұрмын маған көмектесесіңдер ме?
Балалар сауыншы апайға көмектесеміз бе?
(төлдерін орындарына қойюға көмектеседі)
Тәрбиеші:
Балалар ойын ойнағыларын келеме?
Ойын.Мен қазір ортаға бір баланы шығарамын,ол осы жануарлардың ішінен үй жануарларын табу керек.
Сауыншы:Балалар маған сиырдың не жейтінін айтып бересіңдерме?
Балалар: шөп, жем т.б.
Сауыншы: Ал балалар менің тағы бір тапсырмам бар.Маған арнап сиырды жапстырып баріңдерші.
Тәрбиеші :Балалар сауыншы апайға сиырдың суретін салып берейік.
Сергіту сәті.
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Селтектемей құлағын,
Селтендемей тұрағой.
Қорытынды:
Сонымен балалар бүгін біздер қандай жануарлармен таныстық ?Олар қалай дыбыстайды ? Үй жануарларының төлдерін атайықшы?Олардың пайдасы қандай?
Жақсы балалар сендер сабаққа өте жақсы қатыстындар.Осымен оқу іс әрекетіміз аяқталды.
Балалар шаттық шеңберді бірге орындайды.
Сауыншы: Рахмет балалар сау болындар.
Балаларды мақтау- мадақтау арқылы ашық сабақты аяқтау
https://aqqaiyn.aitekebi.edu.kz/kz/%D0%B1%D1%96%D0%B7-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-aqqaiyn/issshara/11908-%C2%AB%D1%81%D0%B0%D1%80%D1%8B-%D1%82%D0%B0%D1%83%D1%8B%D2%9B-%D0%BF%D0%B5%D0%BD-%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B%C2%BB.html#sigFreeId8f2d2cb81a