31 Мамыр 2022
Іс шаралар

«Алтын балық»

Тәрбиеші: Мамбетова Гулшат  Бокенбаевна

Топ:  Ересек тобы 4-5 жас

Өтпелі тақырып: « Табиғат әлемі»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Мүсіндеу

Тақырыбы: « Алтын балық»

ҰОҚ  мақсаты: Табиғат бұрышындағы балықпен танысады және балықтың ерекшіліктерін ескере отырып  мүсіндеудің түрлі əдістерін қолданады. (SMART).

Дағды: Түрлі техникалық құралдарды өз бетінше қолдана алады, жұмыстарды жаңа бөліктермен толықтырады және әсемдей алады.

Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: Ермексаз, алтын балықтың үлгісі , сүлгі,тақтайша, жылтыр моншақтар, құм.

Күтілетін нәтиже: Қарапайым  әдістермен  бөліктерді  біріктіріп  мүсіндейді.

Әдіс-тәсіл: Амандасу, ширату, саралау,  « Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Шаттық шеңбер:

Достар бірге жүреміз ,   (орнында жүреді)
Бірге ойнаймыз, күлеміз.   (жымияды)
Бірге балық аулаймыз.   (ау салғандай қимыл көрсетеді)
Міне, біздер қандаймыз!   ( бас бармақты көрсету)
Орман, көлге, шыңға біз   (қимылмен көрсету)
Саяхатқа шығамыз.    (орнында жүру)
Бөлінбейді іргеміз,    (бір-бірінің қолдарын ұстайды)
Әрқашанда біргеміз!   (қолдарын жоғары көтереді)

 Тәрбиеші : Жарайсыңдар,балалар, орындарыңа отырыңдар.

Есік қағылады.  Ішке теңіз қарақшысы кіреді  (ғажайып сәт).

Теңіз қарақшысы:  Сәлеметсіңдерме балалар! Мен ертегідегі теңіз қарақшысымын. Балалар мен саяхаттап жүріп қатты дауылға соғып кемемді басқара алмай теңіз жағасына шығып кетіппін, теңізге кетуіме көмектесіңдерші.

Тәрбиеші : Саламатсызба, біздің балалар  ақылды, алғыр, тапқыр, тәртіпті балалар сізге міндеті түрде көмектеседі.

Теңіз қарақшысы:Жарайды, балалар мен теңіз жағасынан сандық тауып алдым. Сандықтың ішінде  не бар екен ? Не бардеп ойлайсыңдар? Бірге ашып қарайық.  ( моделі кративтілік ,сыни ойлау, саралау).

 Тәрбиеші : Сандықтың ішінен  карта бар екен ішінде тапсырмалар . Тапсырманы орындасақ теңізге оралатын жол көрсетілген.

Теңіз қарақшысы: Балалар менің қолымдағы картада тапсырма бар соны шешуге көмектесеңдер. Жұмбақтың жауабын шешсе, ұйымдастырылған оқу қызметтінің тақырыбы шығады.

Жұмбақ:

Шаңқ – шұңқ еткен жоқ,

Сусыз оның күні жоқ,

Қалып жатқан ізі жоқ.

-Бұл не балалар?

Балалардың жауабы: Балық.

Тәрбиеші :Жарайсыңдар балалар . Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметтінің тақырыбы « Алтын балық».

Бәрекелде, балалар, балықтар туралы білгілерің келе ме ?

Теңіз қарақшысы: Мен сендерге «Алтын  балық»  туралы ертегіні көрсетейін. (мультфильм көрсету, моделі, сыни ойлау,бала үні).

Тәрбиеші : Балалар біз қандай ертегі көрдік?

  • «Алтын балық» ертегісі.
  • Ата теңіз жағасына келіп балықты қалай шақырады?
  • Алтын балық ,алтын балық! Қайдасың?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар , теңіз қарақшысының бұл тапсырмасында шештік.

Теңіз қарақшысы: Енді біз «Балық  аулау» ойынын ойнаймыз. (құрылымдалған ойын ).

 топқа бөліну  (4 к моделі, кративтілік, команда да жұмыс істеу) екі түсте (қызыл және көк)бейнеленген карточкалар арқылы топқа бөлемін.

Шарты: Балалар екі топқа бөлініп балық аулайды. Балалар  ауланған балықтар арқылы, тапсырма орындайды. Балықтарда ( суда, көлде, бөлмеде, жерде, орманда, өзенде) сөздер жасырылады. Балалар  осы сөздер арқылы сұрақтарға жауап береді.( ашық  және жабық сұрақтар)

 Мысалы:  Балық қайда тіршілік етеді?

  • Балықтар суда тіршілік етеді.
  • Сендер қандай балықтарды білесіңдер?
  • Сазан, шортан, ақбалық.
  • Балықтар қандай суларда өмір сүреді?
  • Теңіздерде, көлдерде, мұхиттарда жүзеді
  • Балық немен қоректенеді ? (балалар жауаптары, бала үні ).

Саралау, сөйлеу тәсілі, айтылымы жақсы бала, айтылымы әлсіз баланың  сөйлеу деңгейін арттыруға жетелейді.

Сергіту сәті:

 «Балық» жаттығуы.

Балық жүзеді таза суда,

Бір керіліп,бір жиырылуда.

Жүзіп, жүзіп шаршағанда,

Тығылады тасты құмға.

Теңіз қарақшысы: Ал балалар менің тағы бір  тапсырмам бар.Маған арнап «Алтын  балық»  мүсіндеп  баріңдерші.

Тәрбиеші :Балалар теңіз қарақшысына ермексаздан  «Алтын  балық»мүсіндеп берейік. Теңіз қарақшысы балалардың ауланған балықтары арқылы (сазан,  шортан, ақбалық) үш топқа бөледі. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізлетін ойын (4К моделі, креативтілік, командалық жұмыс істеу, коммуникативтілікті даму, сыни ойлау,бала үні,қызығушылық)

Балықты суретке қарап  мүсіндеу керектігін түсіндіру.

1.Балықтың денесін жасау үшін ермексазды алақанға салып, айналдыра отырып домалақ пішінге келтіру.
2.Домалатылған пішінді екі алақанның арасына салып, жаншу арқылы жалпақтау.
3.Қанатын есу.
4.Құйрығын есу, жалпақтау арқылы жасайды
5.Заттарды бір-біріне біріктіру.(денесіне қанаттарын, құйрығын өз қалаулары бойынша әсемдеу, 4К командалық жұмыс істеу, сыни ойлау, бала үні)
Заттарды бір-біріне біріктіруде, саусақ ептілігімен пішінді бұзбай таза,ұқыпты орындауға қадағалау

   

Жұмыс барысында тәрбиеші қабілеті төмен балаларды тікелей бақылап, қолдау көрсетеді.

Сазан тобы :Сары түсті ермексаздан сопақша пішін жасап, қызыл түсті  ермексаздан аузын, қоңыр түстен құйрығы мен қанатын жасады.

 Шортан тобы: Қағаздағы балық суретіне ермексаздан жабыстырып, үстіне жылтыр моншақтарды жабыстырады.

Ақбалық тобы: Мүсіндеу  тақтасына құм ермексазын пайдалана отырып балықты мүсіндейді.

Әр топ мүшелері тәрбиешінің көрсетуіне ілесе отырып, балықты жасап шығады. Топта жасаған балықтарын бір-біріне көрсетіп, дұрыс емес жерлерін түзетуге көмекүтеседі.(4К моделі командалық жұмыс істеу,  сыни ой,саралау, бала үні).

Теңіз қарақшысы: балалар,  маған «Алтын  балық» жасап  көмектескендерің үшін рахмет! Сендер шыныменде ақылды,тапқыр балалар екенсіндер. Менің барлық тапсырмамды орындадыңдар енді мен сендер жасаған балықтарды алып теңізге оралайын сау болыңдар, балалар!

Кері байланыс:  «Бала үні»

  • Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?
  • Теңіз қарақшысы
  • Балықтардың қандай түрлерін білесіңдер?
  • Бүгін сендерге не істеген ұнады?
  • Саған не оңай, не қиын болды?
  • Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?
  • Келесі оқу қызметінде немен айналысқыларың келеді?

Рефлексия: Тәрбиеші балаларға өздерінің жұмысын бағалауды ұсыну.

«Екі  жұлдыз, бір тілек әдісі» (бала үні).

Көрме ұйымдастырады. Балалардың жұмысын мақтайды. Теңіз қарақшысы балаларға естелікке сыйлығын ұсынады.Барлығың жақсы қатыстыңдар. Осымен оқу қызметіміз аяқталды.

Еркін ойын: Егер мен алтын балық ұстап алсам....Балалар аулап алған  балықтарын, іштей арман -тілек айтып, аквариумға салады. (бала үні)

 

      « Ертегі ханшайымы бізде қонақта»

 Ашық сабақ

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: « Ертегі ханшайымы бізде қонақта»

Мақсаты: Шалқан ертегісіндегі, ертегілерді сахналауға қатысады.

Дамытушылығы. Ертегі мазмұнын түсініп қайталап айтуға, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелігі: Әдеби шығармаларды тыңдауға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Еңбек қорлыққа баулу.

Қостілдік: шалқан – репка, ата – дедушка, әже – бабушка, немере – внучка, күшік – щенок, мысық – кошка, тышқан – мышка.

Топқа балалар Әйгерім Қалаубаеваның орындауындағы « Ертегілер» әуенімен кіреді.

Балалардың үлкендермен амандасу.

Шаттық шеңбер:

 Бір шаңырақ астында,

 Тату тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да ,

Бірге сайран саламыз.

 

Тәрбиеші:

Балалар, қазыр біз ертегі әлеміне саяхатқа бармыз? ?( әуе шарымен ұшамыз)

  • Қане балалар ертегі әлеміне келдік, балалар біз өткен ертегілерімізді еске түсірейік. Музика ойнайды.Осы уакытта есік қағылады.
  • Бұл кім болды екен? ( ішке ертегі ханшайымы кіреді)

Тосын сый. Ханшайым келеді.

Сәлеметсіздерме балалар!

Сәлеметсізбе.

  • Мен ертегі еліндегі ханшайыммын сіздерге адасып келдім.
  • Балалар ханшайымға біз көмектесемізбе?
  • иа
  • Төрлет ханшайым .
  • Ханшайымнын қолында хатбар екен ,ішінде не бар екен балалар?

    Хаттын ішінде тапсырма бар екен

Ханшайым: Балалар шалқан ертегісін білесіндерме мен сендерге бірнеше сурет көрсетем атап беріндерші және шалқан ертегісін тауып беріндерші. Балалар : - иә (балаларға суреттер көрсетіледі.)

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар барлық сұраққа жауап берді.

Ханшайым:

Балалар мен бақшаға шалқан егейіндеп едім, маған көмектесесіндерме? Мен көмек сұрай келдім.

Балалар ханшайымға көмектесеміз бе?

Балалар: - иә көмектесеміз.

Ханшайым: атайдың үйінде кемпір бар, сосын кішкентай немересі бар, күшігі, мысығы және тағы тышқан барі бірге тұрады екен.( ханшайым қасына аталған  кейіпкерлерді қасына шақырып алады да үйдің қасына отырғызады.)

Атай бірінші жерді қопсытады, содан кейін шалқан дәнін егеді.Атай мен басқа кейіпкерлер атайға көмектеседі.

Балалар атай еккен шалқанды күтіп баптасын, бәріміз орнымыздан тұрып атайға шалқанның тез өсуіне көмектесейік.

Сергіту сәті:

Күн шуағын төккенде,

Бақшамызға барамыз.

Дәндерді егеміз,

Артынан су құямыз.

Өс!,өс! Бақшамыз!

Өс!,өс! Бақшамыз!

Қуанамыз баршамыз!

Мәссаған! Атайдың шалқаны үлкен болып өсіп кетіпті, балалар қараңдаршы. Қанеки бәріміз орнымызға отырамыз.

Атай шалқанды тартып жұлғысы келеді, бірақ шалқан жұлынбайды.

Атай кемпірді шақырады. Екеуі шалқанды тартады – тартады бірақ шалқан жұлынбайды.

Кемпір немересін көмекке шақырады, үшеуі шалқанды тартады – тартады бірақ шалқан жұлынбайды.

Немересі күшігін көмекке шақырады, төртеуі  шалқанды тартады – тартады бірақ шалқан жұлынбайды.

Күшігі көмекке мысықты шақырады,  бесеуі шалқанды тартады – тартады бірақ шалқан жұлынбайды.

Мысық тышқанды  көмекке шақырады, бәрі жұмыла шалқанды тартады шалқан лезде жұлынады.

Ханшайым: балалар, атайға көмектескендерің үшін рахмет! Мына шалқан жәй шалқан емес, сиқырлы шалқан. Бұл шалқанды кессең ішінен сіздерге сыйлық шығады. Ал балалар шалқан ертегісін орындап бергендерізге рахмет. Мен  енді ертегі әлеміне оралайын жақсы сау болыңдар, балалар!

Сабақты қортындылау:

Балалар, атай   бақшаға не  екті? Көмекке кімді шақырды? Әже көмекке кімді шақырды? Немерасі нені көмекке шақырды? Күшік нені шақырды? Мысық нені көмекке шақырды? Тышқан келіп көмектескенде шалқан не істеді? Ертегі сіздерге ұнады ма? Балалар сендерге  ертегі әлеміндегі саяхат ұнадыма?

Балалар: иә

Тәрбиеші:Ал енді ертегі әлемінен өз әлемізге қайтайық ?( әуе шарымен ұшамыз)

Қане, балалар атайдың сендерге еккен сиқырлы шалқанын кесіп көрейік, ішінен не шығады екен. Мәссаған, балалар ішінен сіздерге сыйлық шықты міне қарандаршы – деп балаларға тәрбиеші сыйлықты таратып береді.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Пайдалы ақпараттық ресурстар