31 Мамыр 2022
Іс шаралар

«Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілін дамыту»

         Болашақтың базары да, келешектің кемеңгерлері де – балалар. Саналы, өскелең ұрпақ тәрбиелеу-әрбір тәрбиешінің міндеті. Баланың ой-өрісің дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі зор. Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің  алғашқы рет қоғаммен араласуы балабақшадан басталады. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген  әдіс-тәсілмен  берілетін тәлім-тәрбие көбінесе балабақшадан басталып, жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына  ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады.

          Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын рөлі өте зор. Қазақ атамыз келешек ұрпақтын қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының  ұлттық шежересын, өзін шыққан тегін, халықтын даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген.

          Жас баланың сөйлеу, ойлау, есту, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда  халық ауыз әдебиетінің  үлгілерінің  алатын орны ерекше. Әдебиет – адам ақылына қозғау салып, қиялына қанат бітіріп, ізгі іс-әркеттерге жетелер өнер түрі.

          Қазақ халқының ауыз әдебиеті - ауыздан-ауызға ауызша тарап, біздің дәуірімізге жеткен шығармалар. Ауыз әдебиеті ғылымда фольклор деп аталады.

         Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мыналар жатады: ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, тыйым сөздер, бата.

Халық ауыз әдебиеті- талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас  бай асыл қазына.Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтын мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ, жаңылтпаштары мен ертегілері болсын- бәрі де балаларды Отанын сүйюге, елін қорғауға үндейтіні белгілі. Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін  кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің  көлемді саласының бірі-ертегілер.

       Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде- ақ туған.

Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ертегі- фольклордың негізгі жанырларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Қазақ ертегілері мазмұнына байланысты 4-ке бөлінеді:

1.Қиял- ғажайып ертегілер- олар қиялға, фантазияға құрылады. Өмірде болмайтын нәрселер туралы айтылады  (Алтын сақа, Ер Төстік). Қиял-ғажайып ертегілер екіге бөлінеді: қазақ ертегілері, сырттан келген ертегілер.

2.Хайуанаттар туралы ертегілер, олардың кейіпкерлері-үй жануарлары, құстар мен аңдар болып келеді. Халық жануарлардың мінездері, қылықтары арқылы адам бойындағы жақсы мен жаманды танып білген  (Күшік пен мысық, Тапқыр қоян).

3.Тұрмыс-салт ертегілері қойшы, малшы, бақташылардың тұрмысы бейнеленген. (Арыстан мен кісі, Аю, түлкі және қойшы)

4.Шыншыл ертегілер. Шыншыл ертегілердің қаһармандары қиялдан туған бейнелер емес, қарапайым еңбек адамы. (Алдар көсе, Дүмше молда). Ертегінің қай түрін алсақта, ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Ертегілер адам баласының  еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған. Қазақ ауыз әдебиеті балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге тәрбиелейді

          Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай, дұрыс айтуға үйренеді.  («Ас аспай,бас аспазшы. Ас асты жас аспазшы»,  «Қой тайлақтай, қай лақ тайлақтай?», «Қар аппақ, дала аппақ. Бәрі аппақ, қарап бақ»,  «Ара, ара, аралар, орманның бойын аралар, гүлдерден сорып бал алар,бал тәтті ғой балалар»

          Мақал-мәтел – нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түіп,ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған  ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде  кейде қара сөзбен  де айтылады.  «Сөздің көркі-мақал» деп халық бекер айтпаса керек. ( «Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса-жер ырысы»,  «Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы»,  «Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар»,  «Еріншектің ертеңі бітпейді»,  «Көз-қорқақ, қол-батыр»,  «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болады, т.б.)

        Жұмбақ - адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

         Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің  көпшілігінде бар. Алайда, қазіргі заман әдебиеті  өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығармашылығында жұмбақтар топтамасы жие кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

           Тыйм - тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат-пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады.  «Үйде ысқырма, үлкеннің жолын кеспе, тіліңді шығарма, жақты таянба, тізеңді құшақтама, бір қолмен нанды үзбе, отқа түкірме, есікті керме, бос бесікті тербетпе, бетіңді баспа, т.б.)Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.

             Бата - қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық қазынасы, салт-дәстүріміздің қайнар көзі. Дұниеге сәби келгенне бастап оның барлық қуанышы, алғашқы талпынысы, құтты қадамдары, сәтті кезеңдері- бәрі үлкенің батасына, ықыласына байланысты болады. Сондықтан да қазақ  «Батамен ел көгерер, жауынменен жер көгерер» деп өсиет қалдырған. Қазақтын қандай тойы болсын, қонаққа шақыру рәсімі болсын бата бермей басталмайды, не бата сұралмай аяқталмайды. Батаны ел қадірлейтін үлкендер, ақсақалдар, қадірменді кісілер, көбіне ер адамдар береді.

Қораңа малың толсын,

Дастарханың бол болсын.

Үйіңе ырыс қонсын,

Қарның тоқ болсын.

Елің аман болсын,

Жерің астыққа толсын.

Жортқанда жолың болсы! Әумин!

             Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсері:

   Баланың қиялын, фантазиясын, шығармашылық қабілеттерін дамыту

   Әдеби образды тану, қабылдау әдісін қалыптастыру.

   Ойын, ойнау, сөздік қорын, тілін дамыту.

   Баланы жеке тұлға ретінде дамытып, адамгершілікке тәрбиелеу.

          Қорытындылай келе, халық ауызы әдебиетімен  таныстыру, арнайы өтілетін оқу қызметі мен оқу қызметінен тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білуі керек.  Бала тілін дамытуда, ой-өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін  балабақшада пайдаланудың маңызы зор.

 

                              «Кішкентай ақылды балапан» ертегісі

           Ерте, ерте, ертеде әдемі ауыл болыпты. Әдемі ауылдағы өзен жағасында кішкентай үйшік болыпты. Ол үйшікте тауық өмір сүріпті. Көп ұзамай тауық алты жұмыртқа басыпты. Оның бесеуы балапанға айналса, біреуы жұмыртқа түрінде қалады. Тауық ана бір жұмыртқаны үйшікте қалдырып, қалған бес балапанын ілестіріпкөшеге азық іздеуге шығады. Үйшікте қалған бір жұмыртқа көп ұзамай жарып шығады. Кішкентай балапан жан-жағына көз салып, анасын іздей бастайды. Алайда ол маңайынан анасын таба алмайды. Көңілі түсіп кеткен балапан анасын іздеуге бел буады. Аяқтарын енді ғана басуға үйренген балапан қанаттарын сермей көшеге шығады.

         Балапан келе жатып жасыл шөп үстіндегі сиырға жолығады. Балапан үлкен сиырға таңданып, көз алмай қарап тұрады.

Сиыр:- сен неге маған таңдана қарайсын?

Балапан:- Мен анамды таппай жүрмін, сен менің анамсың ба?

Сиыр:- Менің денемді қара, қандай дәумін, ал сенің анаң менен әлдеқайда кішкентай.

Балапан:- Ой менің анам сізден кіші ме? Кешіріңіз.

Сөйтіп балапан анасын іздеуді жалғастырады. Жолда келе жатып ешкіні көріп қалады. Ол ешкіге жақындап:

-Сіз сиырдан кіші сияқтысыз, сіз менің анамсыз ба?

Ешкі: -Иә, мен сиырдан кішкентаймын. Алайда менің төрт ағым бар. Ал сенің анаңның екі аяғы, екі қанаты бар.

Балапан: - Солай ма? Кешіріңіз.

Автор:- Ешкінің айтқанына көңілі түскен балапан әрі қарай анасын іздеуін жалғастырады. Ол келе жатып қара қарғаға жолығады. Қақ-қақ деген дауысты естіген ол ешкінің айтқаны есіне түсіп, мүмкін қара қарға менің анам шығар деп қуанып кетеді.

Балапан:-Сенің екі аяғың мен екі қанатың бар екен. Сен менің анамсің ба?

Қарға: -Иә, менің екі аяғым, екі қанатым бар Бірақ мен сенің анаңа қарағанда биік ұшамын. Сенің анаң менен биік, аяқтары ұзын және мен сияқты қарқылдамайды.

Автор: -оны еестіген балапан одан әрі қайғыра түседі.

Қарға: -Балапан, сен қайғырма, тағы да байқап көр. Сен міндетті түрде анаңды табасын.

Автор: -Деп қарға ұшып кетеді. Қарғаның айтқанына көңілі көтерілген балапан әрі қарай анасын іздеуін жалғастырады. Сүйкімді аяқтарымен өзенге де жетіп, жүзіп жүрген үйректі көреді. Айтқан ұқсастықтарға сәйкес келетін үйректі көрген балапан қуанып кетеді.

Балапан: -Анашым, анашым!

Автор: -Кішкентай балапанды көрген үйрек балапанға таңдана қарайды.

Балапан: -Маған неге сонша қарайсыз, анашым?Мен сіздің балаңызбын ғой.

Үйрек: -Жоқ қымбаттым. Мен сенің анаң емеспін.

Автор: -Осы кезде балапан анамды ешқашан таба алмаймын деп жылап жібереді. Жылаған балапанды көрген үйрек

Үйрек: -Сен неге жылайсың, қымбаттым? Мен саған анаңды табуға көмектесем.

Балапан: -Қалай қөмектесесің?

Үйрек: -Сенің анаң ку-ка-ре-ку деп ән салады.Сен анаңды міндетті түрде табасың.

Балапан:- Міне менің анамның дауысы, алақай! Менің анам ку-ка-ре-ку деп ән салады. Рахмет саған, үйрек.

Автор: -Анамды қалай  іздесем екен деп балапан оланып кетеді. Осы кезде үйрек пен балапанның әңгімесін естіген көбелек балапанға жақындап ұшып келеді.

Балапан: -Сен кімсің?

Көбелек: -Мен көбелекпін.Тоғаның соңына басаң, анаңды табасың.

Автор: Деп көбелек ұшып кетеді. Көбелектің айтқанына көңілденген балапан жылдамырақ жүре бастады. Тоғайға жақындап қалғанда ку-ка-ре-ку деген дауысты естиді.

Балапан: -Анашым, анашым

Тауық: -Балапаным, мен саған азық әкелу үшін сыртқа шықтым. Саған қайта орала едім ғой, балапаным.

Автор: Осы бақытты шақты көрген, сиыр, ешкі, қарға, нәзік көбелек осы жерге жинала қалады. Алақай, балапан анасын тапты.

Автор: -Осылайша кішкентай ақылды балапан анасын тауып, анасының махабатына бөленіп, тату-тәтті өмір сүреді.

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Пайдалы ақпараттық ресурстар