31 Мамыр 2022
Іс шаралар

«Әдемі саукеле»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бағдарлама тарауы: Аппликация

Тақырыбы: «Әдемі саукеле»     

Мақсаты: Ұлттық киім туралы түсініктерін қалыптастыру, жапсыруға арналған тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету; үшбұрыштың ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, кеңістік пен түстерді ажырата білу, көз мөлшерін дамыту. Эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.

Құрал-жабдық: Түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, үлгі суреттер, көрнекілік суреттер, баяу әуен.

Шатық шеңбер:

Біз қандаймыз қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдегенкүндейміз,
Ренжуді білмейміз.

- Балалар, қараңдаршы, мына сандыққа қараңдаршы, оның ішінде не бар екенін білу үшін оны ашып көрейік. Қараңдаршы оның ішінде  көптеген ұлттық ою-өрнектер бар екен.

-Балалар, оюдың қандай түрін білесіңдер?

-Қандай бұйымдарды ою-өрнекпен әшекейлеуге болады?

-Жақсы балалар, мына суреттерге назар аударыңдаршы, бұл біздің қазақ халқы екенімізді дәлелдейтін біз белгілерінің бірі –қазақ ұлттық ою-өрнектер. Оларды адамар өздерінің тұрмыста пайдаланатын, яғни ыдыс-аяқ, кілемше, көрпе-жастық, саймандарын, әшекейлерін және де үстеріндегі киімдерімен аяқ киімдерін безендіру үшін пайдаланған екен.

-Мына үлгі сурет қараңдаршы.

-Саукеле түр-түсі қандай?

-Көлемі қандай?

-Саукелені неден жасайды?

-Жақсы балалар, оны көптеген жолдармен әшекейлеуге болады. --Мысалы, біздің білетін ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлеуге болады.

-Өздерің атап айтқан қошқармүйіз, құсқанаты оюлармен саукелені әшекейлейік.

-Міне қошқармүйіз оюы, оның түсі қандай?

-Балалар, қалай ойлайсыңдар не себепті бұл оюды қошқармүйіз деп атаған?

-Ия, өйткені оның пішіні қошқардың мүйізіне ұқсайды екен.

-Мен сендерге алдарына ақ қағаз, желім қылқалам, сүлгі және оюларды таратып қойдым.

-Енді ақ қағазға алдымен қол орамалды жапсырып алайық, оның теріс жағына қылқаламмен желімді алып жағамыз, кейін оюды алып теріс жағына желім жағып, ақ қағаздағы саукеле жиегіне  әдемілеп жапсырамыз.

 Сергіту сәті.

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары сапалы,
Желге ырғалып шайқалған.

 -Балалар, жұмысқа кірісейік, жұмыс барысында таза әрі тиянақты жұмыс жасауға тырысамыз.

Д/о: «Мен білемін үйренемін»

- Балалар жасаған жұмыстанына талдау жасайық. Жинап алып, көрме ұйымдастырайық

Болжамды нәтиже

Білу керек: оюдың түрлері мен олардың аттарын біледі; оларды қандай жағдайда пайдалануды;

Қалыптасқан әдет: қайшымен жұмыс жасау, желімдеу

Істей біледі: Үлгіге қарап, қиындылардан орамалды әшекейлей алады.

 

 

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Пайдалы ақпараттық ресурстар