31 Мамыр 2022
Іс шаралар

«Ұлы жеңіс - жасасын!»

Тәрбиеші: Мамбетова Гулшат  Бокенбаевна

Өтпелі тақырып: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі:  Мүсіндеу, жапсыру.

Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»

Мақсаты: Жеңіс күні туралы түсінік беріп.Алау мен жұлдызды  ермексазбен және жіп техналогиясын пайдаланып  дәстүрден тыс сәндейді.  Ұшақ пен танкіні  қағаздан  қиып  жасайды. (SMART). 

Қажетті көрнекі құралдар: Слайд,  үлгі суреттер, желім, түрлі – түсті қағаздар, жіп ,ермексаз.

Әдіс-тәсілдері :Амандасу, ширату, саралау, «Екі  жұлдыз, бір тілек әдісі» (бала үні). командалық жұмыс істеу, сыни ойлау, бала үні
 Ұйымдастыру кезеңі:( экран арқылы көрсету)

 

Шаттық шеңбер.
Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін Балалар дөңгелене тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
Тәрбиеші : Жарайсыздар, әріптестер, орындарыңызға  отырыңыздар.

Әріптестер, біз сендермен енді «Ұлы жеңіс - жасасын!»туралы видио  көреміз теледидарға назарымызды аударайық. ( моделі, сыни ойлау)

Біздің Отанымызды, туған жерімізді ержүрек ағаларымыз, апаларымыз сыртқы жаудан қорғап қалды.
Жеңіс мерекесі елімізде жыл сайын тойланады.
Суретпен жұмыс.
-Әріптестер, бұл суретте 28-панфиловшылар саябағы бейнеленген. Осы саябақта соғыста ерлікпен күрескен ағаларымыздың ескерткіші бар. Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар. Алау отына ардагер аталарымыз, апаларымыз гүл шоқтарын қояды.Олай болса алдымыздағы сурет арқылы алау және жұлдызша екі топқа бөлініп берілген үлгідегі  суреттерді, желім, түрлі – түсті қағаздар, ермексазды пайдалана отырып ашық хат жасаймыз. Тәрбиеші : Енді біз «Ашық хат» ойынын ойнаймыз.  (құрылымдалған ойын ),топқа бөліну  (4 к моделі, кративтілік, команда да жұмыс істеу)

екі түсте (алау  және жұлдызша )бейнеленген суреттер арқылы топқа бөлемін.

Шарты: Әріптестер екі топқа бөлініп ашық хат жасап ішіне туған жеріміздің ержүрек ағаларымыз, апаларымызға тілек айтады .      

Алау тобы: Жіп техналогиясын пайдаланып  дәстүрден тыс сәндейді.

 

Жұлдыз тобы: Мүсіндеу  тақтасына  ермексазды пайдалана отырып жұлдызшаны  мүсіндейді

 

Сергіту сәті: (Экран арқылы қимылдарды қайталау).

Тәрбиеші : Жарайсыздар, әріптестер менің тағы бір  тапсырмам бар.Маған арнап ұшақ пен танкіні  қағаздан  қиып  жасап  беріңіздерші. Екі түсте (қызыл және көк)бейнеленген карточкалар арқылы топқа бөлемін. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізлетін ойын (4К моделі, креативтілік, командалық жұмыс істеу, коммуникативтілікті даму, сыни ойлау,бала үні,қызығушылық)

Қызыл түс: Жасыл түсті қағазды  қиып  сопақша пішін жасап, қоңыр түстен дөңгелек  жасады

 

Көк түс : Үлгіге қарап  ұшақты  жабыстырып, үстіне жұлдызша жабыстырады.

 

Жұмыс барысында тәрбиешілер бір- бірін бақылап, қолдау көрсетеді. Тәрбиеші : Жарайсыздар, әріптестер маған ұшақ пен танк жасап  көмектескендерің үшін рахмет!

 -Бейбітшілік болсын!
-Соғыс болмасын!
-Достық болсын!
Кері байланыс:  «Бала үні»

  • Әріптестер бүгін біз не жасадық?
  • Ашық хат,ұшақ пен танк
  • Бүгін сездерге не істеген ұнады?
  • Сізге не оңай, не қиын болды?
  • Келесі дөңгелек үстелде немен айналысқыларың келеді?

Рефлексия: Тәрбиеші  өздерінің жұмысын бағалауды ұсыну. Көрме ұйымдастырады. әріптестерінің жұмыстарын мақтайды.
«Екі  жұлдыз, бір тілек әдісі» (бала үні).

 

Тәрбиеші: Мамбетова Гулшат  Бокенбаевна

 

 Білім беру саласы:. Шығармашылық.

Білім бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы:  «Аққала»

Мақсаты: Аққаланы пластикалық стакан мен түтікше таяқшаларын  пайдаланып қозғалмалы аққаланы жасайды. Қағаздарды қиып, аққаланы сәндейді.

Қажетті құрал-жабдықтар: Үлгі суреттер, пластикалық стакан мен түтікше таяқшалары,  желім, түрлі-түсті қағаздар.

Әдіс-тәсілдері: Амандасу, ширату, саралау, моделі командалық жұмыс істеу, сыни ойлау, бала үні. Дәстүрлі емес әдістерде қолданылатын материалдарды көрсету.

Шаттық шеңбер: /экран арқылы көрсету/

Аула сырты баққа да, тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айналып, ойнаймыз біз шаттана.

Аққала,аққала, Сені жасап мақтана.

Қорғау менене жүреміз, Бұздырмастан басқаға.

Тәрбиеші: Жақсы әріптестер, енді менің жұмбағымның шешуін тауып көріңдер.( моделі кративтілік ,сыни ойлау, саралау, миға шабул)

Жұмбақ.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар).
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тоңды? (қар).
Әріптестер, біз осы қарды мына ойынмен байланыстырып көрейік. Мына ойынды қалай атаушы едік?

Д/Ойын: «Ғажайып баспалдақ»

 Құрылымдалған ойын:«Ғажайып баспалдақ»
Мақсаты: тәрбиешілер екі топқа бөлініп қардың қасиетін сипаттау. Тәрбиешілер баспалдақпен жоғары көтерілейік сұрақтар болады , сұрақтарға жауап береді .
1. бұл не?
2. қарды қай жерлерден көруге болады?
3. қардан қандай пішіндер жасауға болады?
4. түсі қандай болады?
5. көлемі қандай?
6. қардың қандай пайдасы бар?
7. егер қар болмаса қалай болар екен?
8. «егер Мен қар болсам» ойларын айтады. (ашық  және жабық сұрақтар)

Ғажайып сәт: Осы кезде Есік қағылады.  Ішке Аққала келеді.(ғажайып сәт).

 

-Сәлеметсіздер ме! Қалдарыңыз қалай?  -Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Мен қысты жақсы көремін. Қыста қар жауады. Қар ұшқындап, жапалақтап , борандатып жауады. Бүгінгі менің оқу қызметім де аққала туралы сөз қозғамақпын. Олай болса теледидарға назарларымызды аударайық.  /слайд арқылы жұмыстың жасалуын көрсету/. ( моделі кративтілік ,сыни ойлау, саралау). Тәрбиешінің жетекшілігімен ойын.

Олай болса, алдымыздағы түтікше таяқшаларын алып, пласмас стаканды пайдалана отырып, қозғалмалы аққала жасаймыз.

 

 

Сергіту сәті: (Экран арқылы қимылдарды қайталау)( моделі, сыни ойлау,бала үні). Жұмыс барысында тәрбиешілер бір- бірін бақылап, қолдау көрсетеді.

-Жарайсыңдар. Жасаған жұмыстарың өте тамаша! Ал,сендерге ұнады ма? Ендеше кімге сабақ ұнады алдарыңда тұрған жымиғыштарыңды тақтада күліп тұрған және көңілсіз тұрған жымиғышқа апарып орналастырыңдар.

Кері байланыс:  «Бала үні»

-Әріптестер  бүгін қандай тақырып бойынша әңгіме құрадыңдар?

- Аққала

 -Сізге не оңай, не қиын болды?

-Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

- Ия, ұнайды

- Несімен қызық, несімен ұнайды деп ойлайсыңдар?

- Қыс аққаласымен, ақ ұлпа қарымен, сырғанап ойнайтын мұз айдынымен қызық.

-Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

-Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз.

Келесі дөңгелек үстелде немен айналысқыларың келеді?

Рефлексия: Ашық мекрафон тәрбиешілер  жасаған жұмыстарына ұсыныс айтады. Әріптестер,мынау ғажайып ағаш, осы ағашқа бір-бірлеріне ізгі тілектерінді айтып , ұлпа қарларды іліп қоямыз.

 

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Пайдалы ақпараттық ресурстар