Б а ғ д а р л а м а
- Жүргізушінің сөзі
- Балалардың құттықтауы
- Ән «Көктем келді»
4.Тақпақтар
- Би «Қасиетті домбыра»
- Алдар косе келеді
- Ойын «Ханталапай»
- «Батырлар» биі
9.Тақпақтар
- Ойын «Оқтау тартыс»
- «Қыздар-ай» биі
- «Жігіттер» биі
- Ойын «Қол күрес»
- Ән «Наурыз көктем»
- Қоштасу
«Армысың, Әз Наурыз!»
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт-дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Ұлттық ойындармен таныстыруды жалғастыру. Мерекелік көңілдерін көтеру.
Жүргізуші:- Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымызда келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз- «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарың мықты, тілектеріңыз қабыл болсын!
С.Мағжан: -Уа, халайық, армысыздар. Бүгін біздің ауылда үлкен той. Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді. Қазағымның Наурыз тойы құтты болсын! Ақ мол болсын!
Амина : Армысыздар, аңсаған дана халқым,
Сәлем беру ежелгі ата салтым.
Ұлыстың ұлы күні Наурызбен,
Сіздерді құттықтаймыз шын жүрекпен.
Әмір: Қош келдің Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты.
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөліп, нұрға бөліп аймақты!
Жүргізуші: Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз. ( Ән «Көктем келді» )
Жүргізуші: -Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
А.Айша Мирас
Наурыз келді халайық, Ал, балалар, келіңдер,
Жиналып әнге салайық. Той қызығын көріңдер.
Күй мен жырды төгілтіп, Наурыз тойға бас иіп,
Бір мәз болып қалайық. Күнге сәлем беріңдер.
Әйгерім Нұрғасыр
Наурыз келді құт болып, Қарды ерітіп жылғасы,
Мына бізге сүт болып, Наурыз келді-Жыл басы.
Аққа ауызымыз толады, Шуақ төкті жарық күн,
Бар жақсылық болады. Мейрамында халықтын.
С.Айша Мұхамбет
Ата-бабам тойлаған, Жайдарымыз бәріміз,
Наурызым армысың. Дастарханда дәміміз.
Қызығына тоймаған, Көжесі көп, қыры көк,
Дархан дала, қарлы шың. Қандай жақсы Наурыз.
Іңкәр Аңсар
Көктем келді, наурыз келді, Наурыз тойын әдемі,
Жер көгерді, ел көгерді. Әжем еске түсірді.
Дастарханын жайып дархан, Біздерге арнап әдемі,
Жақсылық пен бақыт шашқан. Наурыз көже пісірді.
Жүргізуші: - Бабамнан қалған мол мұра,
Қасиетті домбыра.
Домбырамен таныттым,
Қазақтын кім екенін, дей келе ортаға қыздарымызды «Қасиетті домбыра» биімен шақырамыз.
( Би «Қасиетті домбыра»)
( Әндетіп Алдар қосе келеді )
Алдар: -Мен қай жерге келіп қалдым? Бұл жерде мереке болып жатыр ма?
Жүргізуші:- Иә, Алдар, көңіл күйің жақсы екен, амансың ба?
Алдар: -Сәлеметсіз бе, балалар. Сәлеметсіздер ме, балалар. Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын! Иә, сараң байды алдап, мінекей Наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келемін. (Шапанын көрсетіп қояды).
-Ей, балалар,балалар,
Енді маған қараңдар.
Наурыз тойын тойлаық,
Қызық ойын ойнайық ( Ойын «Ханталапай»)
Жүргізуші: - Бишілерде өнер көп,
Би билейды мәнерлеп.
«Батырлар» биін көріңдер,
Өнерге баға беріңдер.
-Құрметті қонақтар, жігіттерімізді «Батырлар» биімен қарсы алыңыздар.
( Би «Батырлар»)
Жүргізуші: -Наурыз тойға арналған,
Балалардан тарту бар.
Тамсандырып тақылдап,
Тақпақ айтсын балалар
Д.Мағжан Айбибі
Қар еріді, су ақты, Келе жатыр жылымыз,
Күндер келді шуақты. Мейрамдаймыз мұны біз.
Байтақ дала келбеті, Халқы сүйген мейрамды,
Түкті кілем сияқты. Қарсы алайық мейрамды.
Әлинұр Жансерік Женя
Бақта құстар сайрайды, Наурыз келді тамаша, Наурыз біздің әніміз,
Жайнап көктем нұрымен. Ән айтайық таласа. Салтанатты сәніміз.
Жаңа дәстүр жырымен, Апам, атам той тойлап, Наурыз тойда қуанып,
Ел Наурызды тойлайды. Қуанып жүр балаша. Би билейік бәріміз.
Еркеназ Ғазиз
Осыншама жақсылық Уа, халайық, халайық!
Алып келген Наурызым. Әсем әнге салайық.
Төрлет бізге нұр беріп, Наурыз тойын көңілді
Шуақ шашып ақ жүзің! Бірге қарсы алайық.
Жүргізуші: -Ал енді, балалар, қазақтын ұлттық ойынның бірі «Оқтау тартыс» ойынын ойнайық.
( Ойын «Оқтау тартыс»)
Жүргізуші:- Тал шыбықтай бұрылған,
Қазағымның қыздарай-ай.
Сүйсіндірген биімен,
Өнерлі ғой қыздар-ай.
( Би «Қыздар-ай»биі)
Жүргізуші:- Бүгінгідей Наурыз тойында,
Тамашалайық өнерді.
Балаларымыз ортада,
Ұлттық биді билейді.
( «Жігіттер» биі )
Жіргізуші: -Балалар, жігіттерімізді ортаға шақырып, сынап көреміз бе? Ондай болса, «Қол күрес» ойына шақырып, күшімізді салыстырайық.
( Ойын «Қол күрес»)
Ән ( «Наурыз көктем»)
Жіргізуші:- Құрметті қонақтар, ата-аналар осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліміз аяқталды. Наурыз тойы құтты болсын. Дендеріміз сау, мықты болсын. Халық бақытты болсын. Сау саламат болыңыздар.
С.Мағжан: -Уа, халайық, армысыздар. Бүгін біздің ауылда үлкен той. Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді. Қазағымның Наурыз тойы құтты болсын! Ақ мол болсын!
Амина : Армысыздар, аңсаған дана халқым,
Сәлем беру ежелгі ата салтым.
Ұлыстың ұлы күні Наурызбен,
Сіздерді құттықтаймыз шын жүрекпен.
Әмір: Қош келдің Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты.
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөліп, нұрға бөліп аймақты!
А.Айша Мирас
Наурыз келді халайық, Ал, балалар, келіңдер,
Жиналып әнге салайық. Той қызығын көріңдер.
Күй мен жырды төгілтіп, Наурыз тойға бас иіп,
Бір мәз болып қалайық. Күнге сәлем беріңдер.
Әйгерім Нұрғасыр
Наурыз келді құт болып, Қарды ерітіп жылғасы,
Мына бізге сүт болып, Наурыз келді-Жыл басы.
Аққа ауызымыз толады, Шуақ төкті жарық күн,
Бар жақсылық болады. Мейрамында халықтын.
С.Айша Мұхамбет
Ата-бабам тойлаған, Жайдарымыз бәріміз,
Наурызым армысың. Дастарханда дәміміз.
Қызығына тоймаған, Көжесі көп, қыры көк,
Дархан дала, қарлы шың. Қандай жақсы Наурыз.
Іңкәр Аңсар
Көктем келді, наурыз келді, Наурыз тойын әдемі,
Жер көгерді, ел көгерді. Әжем еске түсірді.
Дастарханын жайып дархан, Біздерге арнап әдемі,
Жақсылық пен бақыт шашқан. Наурыз көже пісірді.
Д.Мағжан Айбибі
Қар еріді, су ақты, Келе жатыр жылымыз,
Күндер келді шуақты. Мейрамдаймыз мұны біз.
Байтақ дала келбеті, Халқы сүйген мейрамды,
Түкті кілем сияқты. Қарсы алайық мейрамды.
Әлинұр Жансерік Женя
Бақта құстар сайрайды, Наурыз келді тамаша, Наурыз біздің әніміз,
Жайнап көктем нұрымен. Ән айтайық таласа. Салтанатты сәніміз.
Жаңа дәстүр жырымен, Апам, атам той тойлап, Наурыз тойда қуанып,
Ел Наурызды тойлайды. Қуанып жүр балаша. Би билейік бәріміз.
Еркеназ Ғазиз
Осыншама жақсылық Уа, халайық, халайық!
Алып келген Наурызым. Әсем әнге салайық,
Төрлет бізге нұр беріп, Наурыз тойын көңілді
Шуақ шашып ақ жүзің! Бірге қарсы алайық!