31 Мамыр 2022
Іс шаралар

«Үй жануарлары»

Тәрбиеші: Сулейменова Нурсулу Болатовна

 Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Талдысай селосы

«Аққайың» МДҰ

Топ: ортаңғы (3 жастан бастап)

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:  «Үй жануарлары»

Мақсаты: Үй жануарлар мен төлдерін атайды, дауысынан ажыратады  және жануарлардың пайдасы туралы біледі. Сұрақтарға  жауап бере алады.   (SMART)

Әдіс-тәсілі: тосын сәт (4К моделі-креативтілік, коммуникативтілік); сұрақ-жауап (бала үні, сыни ойлау);ойын  (педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын, құрылымдаған ойын); командада жұмыс, бағалау, мадақтау  (көңілді смайликтер арқылы, қолдау көрсету);

Ресурстар: үнтаспа, интерактивті тақта, жануарлар мен төлдердің суреттері

Шаттық шеңбері:

Біз бақытты баламыз, бақшамызға барамыз,

Сәлем, сәлем, алтын күн, сәлем, сәлем, достарым.

Сәлем, сәлем, бақшаға, сәлем бердік баршаға.

Сәлеметсіз бе, апайлар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

 

-Жарайсыңдар,балалар. Енді жақсы көңіл-күймен орнымызға жайғасып, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін бастайық.

Тосын сәт  (4К моделі-креативтілік, коммуникативтілік тілдік дағды )

  (Осы кезде есік ашылып ішке бақташы кіреді)

 

Бақташы ата: Амансыңдар ма, балаларым?

-Сәлеметсіз бе, ата.

-Бұл қай жер екен?

-Бұл  «Аққайың» балабақшасы,  «Балапан» тобы

Бақташы ата: -Мен өз төлдерімді іздеп жүр едім,осы маңнан өтіп бара жатыр деп еді. Көрмедіңдер ме, балалар?

-Жоқ, көрген жоқпыз.

Тәрбиеші: -Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіп, демалыңыз. Қадірлі қонақтарымыздың бірі болыңыз.

Бақташы ата: -Жарайды балалар, ондай болса, сәл демалайын.

Тәрбиеші:-Балалар, біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы не туралы екенін білуіміз үшін жұмбақ шешіп көрейік.

Жұмбақ шешу   (4К моделі-сыни ойлау, бала үні, миға шабуыл)

Аяғында тағасы бар,

Мойнында жағасы бар.

Мінсе, көлік болар,

Сауса қымыз болар.   (Жылқы)

         Айран берген, құрт берген                        Басында мүйізі бар,

         Шелек, шелек сүт берген.                         Үстінде терісі бар  ( Сиыр)

         Айтыңдаршы, балалар,

        Бұл қандай мал, кім білген? (Сиыр)

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар  (Түйе)

       Кішкене ғана бойы бар,

       Айналдырып киген тоны бар.  (Қой)

-Жарайсыңдар, балалар, бәрін дұрыс шештыңдер. Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы:  «Үй жануарлары». Үй жануарларына сонымен не жатады? (Жылқы, түйе, сиыр, қой)

  (Интерактивті тақтадан жануарлардын суреттерін көрсету)

-Дұрыс айтасыңдар. Мынау не, балалар?  (сиыр)

-Қандай дауыс шығарады?  (Муу)

-Сиырдың қоректенетін қорегі не?  (Жем, шөп,су)

-Сиырдың қандай пайдасы бар? Не береді?

 (Түйе, жылқы, қойды әңгімілейді)

Балалардың жауаптары  (коммуникативтік тілдік дағды, бала үні, бақылыу,ашық, жабық сұрақтар, айтылымы  жақсы балалар айтылымы әлсіз балаларға қөмектеседі)

-Дұрыс айтасыңдар, олардың пайдасы өте көп. Жеп отырған етіміз, ағарған тағамдарымыздың барлығы осы төрт түліктен алынады.

-Ал енді, балалар, сендерді ата-аналарың, ата-әжелерің үйде үй жануарларына теңеп еркелетеді ме?

Қалай еркелетеді? (Құлыншағым, қошақаным, ботам деп)

-Дұрыс айтасыңдар, үй жануарлардың төлдері өте сүйкімді, кішкентай. Сондықтан да кішкене бүлдіршіндерді үй жануарларына теңеп еркелетеді.

 «Енесын тап»ойыны  (педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын, бала үні)

 

-Балалар,  ал енді«Енесын тап» ойынын ойнайық.Тақтада үй жануарлары мен төлдердің суреттері берілген.Төлдер өз енелерінен адасып қалыпты, қанекей, төлдерді өз енелерімен қауыштырайық.

 (Балалар тақтадағы төлдерді атап, өз енелерінің қасына апарып орналастырады)

-Өте жақсы, балалар, төлдер өз енелерімен қауышты.

-Жарайсыңдар, балалар, барлығыңда жақсы біледі екенсіңдер.

-Балалар, енді орнымыздан тұрып, сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Тіктеп титтей құлағын

Ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын

Бұзау былай жүреді.

Алға созып мойынын

Ойнақтайды ботақан.

Көкке қарай мұрынын

Шүйіреді бұзауқан.

Бақташы ата:-Ой жарайсыңдар, балаларым. Ал енді менің ойнымды ойнап көресіңдер ме? Менің қамшыммен ойнайық.

  «Қамшы»ойыны  (педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын)

Шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады. Музыка ойнағанда,қамшыны бір-біріне береді. Музыка тоқтағанда, педагог үнтаспадан жануардың дауысын қосады. Қай баланың қолында қамшы қалса, сол бала дауысынан танып, жануар мен төлін атауы тиіс.

 «Жануарлады құрастыру» ойыны  (құрылымдаған ойын, командада жұмыс,сыни ойлау, бала үні)

Шарты: педагог балаларды 4 топка бөледі   (1топ-сиырдың суретін құрастырады, 2топ-жылқының,3топ-тюйенің, 4топ-қойдың)

Кері байланыс  (бала үні)

-Балалар біз бүгін ұйымдастырылған оқу қызметінде не туралы өттік?

-Үй жануарларына не жатады? Төлдерін атайықшы.

-Үй жануарлардың адамға қандай пайдасы бар?

Рефлексия: -Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.Қане, балалар, орнымыздан тұрып, келген қонақтармен, бақташы атаймен қоштасайық.

-Сау болыңыз!

-Балалар, бүгін сендер  оқу қызметіне белсене қатыстыңдар. Бәріңе смайликтер таратамын. Жарайсыңдар!

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Пайдалы ақпараттық ресурстар